UWW рейтингі жаңартылды
Халықаралық күрес федерациясының ресми сайтында балуандардың рейтингі жаңартылды.
Ақпан айында жаңартылған рейтингте грек-рим күресінен ерлерден алты балуанымыз алдыңғы жиырмалықтан көрінсе, қыздарымыздан алты спортшымыз үздік ондықтан көрінді. Төмендегі көрсеткішке қарап отырып, әлемдік ритингте қыздарымыз жігіттерді басып озғанын анық көруге болады.
Ерлер:
59 салмақ дәрежесі: Алмат Кебіспаев - 9-орын;
Мейрамбек Айнағулов - 16-орын;
66 салмақ дәрежесі: Демеу Жадыраев - 17-орын;
71 салмақ дәрежесі: Асхат Жаңбыров - 19-орын;
75 салмақ дәрежесі: Досжан Картиков - 11-орын;
80 салмақ дәрежесі: Дәулет Жақсылықов - 20-орын.
Қыздар:
Жұлдыз Эшимова - 6 орын, 48 салмақ.
Айым Абдильдина - 4 орын, 55 салмақ.
Аяулым Қасымова - 5 орын, 58 салмақ.
Екатерина Ларионова - 3 орын, 63 салмақ.
Эльмира Сыздықова - 4 орын, 69 салмақ.
Гузель Манюрова - 2 орын, 75 салмақ.
Айта кетейік, Досжан Картиков және Алмат Кебіспаев сынды еліміздің беделді балуандары аталмыш рейтингте төмендеп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или