Жаға ұстатты
Қысқы

Ресейлік делегат әдепсіз ишарасын кімге көрсетті

Ресейлік делегат әдепсіз ишарасын кімге көрсетті
news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы қысқы Универсиаданың хоккей жарысында Қазақстан мен Ресей құрамалары алтын медальға таласқан болатын.

Финалдық матчтың тартысты өткені сонша, Универсиада чемпионын бір ғана шайба анықтап берді. Өкінішке қарай, алтын медаль ресейлік хоккейшілердің еншісінде кетті. Жарайды, спорт жеңіліссіз болмайды.

Біздің назарымызды аудартқан ресейлік делегаттардың бірі. Даниил Ильин жеңіс голын соққан кезде Ресейдің бапкерлік штабында тұрған маман әлдебіреуге әдепсіз қимыл көрсетті. Бұл бізге ғана емес, ресейлік БАҚ-қа да ұнамай қалыпты. Ол жақта да өз өкілінің қонаққа барып, осындай қылық көрсеткені сынға алынып жатыр.

Жалпы, мұндайды көбіне біреуге деген құрметсіздігін білдіру үшін көрсетеді. Ал енді бұл адамның кімге осындай ишарат көрсеткені қызық болып тұр. Өз хоккейшілеріне емес екені айдан анық.

Сонда кім? Жанкүйерлерге ме? Әлде қазақстандық хоккейшілерге ме? Мүмкін, біздің бапкерлерімізге болар? Жоқ, бүкіл Универсиадаға ма?

Әлде эмоцияға беріліп, не істегенін білмей қалғанын айтып ақтала ма? Не де болса, Ресей өкілінің жауабын күтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер