Хэй: «Джошуа - Кличко жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескім келеді»

Хэй: «Джошуа - Кличко жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескім келеді»

Британиялық боксшы Дэвид Хэй отандасы Энтони Джошуа мен украиналық Владимир Кличко арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтты. 

«Бәрі Джошуа мен Кличко арасындағы жекпе-жекте әлемнің ең үздік боксшысы анықталады дейді. Демек, бұл кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасқым келеді. Менің мақсатым - чемпиондық жекпе-жек», - деді Хэй BoxingScene сайтына. 

Естеріңізге сала кетсек, Джошуа-Кличко жекпе-жегі сәуірдің 29-і, Лондон қаласында өтеді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или