Деонтей Уайлдер: «Головкин мен Канело айқасында GGG-ге жанкүйермін»
WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте басым түсетініне сенімді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Бұл жекпе-жекте (Альварес - Головки) GGG-ге жанкүйер боламын, оның салмақты бола жүріп жекпе-жекте көңіл көтергісі келетіні, өзін-өзі еркін ұстауы ұнайды. Ол бокс спорттың қауіпті түрі екенін біледі, бірақ арасында көңіл көтергенде тұрған не бар екен? Кейде өзіміз қалап, соққылар да қабылдаймыз. Қауіпті жарысты көңілді сәттермен үйлестіре білудің өзі сені ұлы боксшы етеді. Лара Канелоны жеңсе де, оған жеңісті бермеді деп ойлаймын. Лара көп жүгірді дейді, ол жеңу үшін барлық амалды қарастырды. Головкин - қаймықпай алға ұмтылатын, соққы беруден қорықпайтын өжет қарсылас. Жекпе-жекте Головкин Канелодан басым түседі, мен GGG-ді таңдар едім», - деді Уайлдер On the Ropes Radio-ға берген сұхбатында.