Джеймс Макгирт: «Головкин – Джейкобс кездесуі нокаутпен аяқталады»
Америкалық бапкер Джеймс «Бадди» Макгирт қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек жайлы пікірін білдірді.
«Тамаша жекпе-жек болады деп ойлаймын. Джейкобс – мықты боксшы. Бірақ Головкинге шамасы жете қоймас. Кездесудің қанша уақытқа созылары маңызды емес, бәрібір нокаутпен бітеді. Сол жекпе-жек үшін ақша төлеймін. PPV болуға лайықты. Мұндай жекпе-жектерді ұйымдастыру керек. Дэнниге оңай жолмен кетуге де болатын еді, бірақ ол қиынын таңдады, сол үшін құрметтеуге тұрарлық», – деді Макгирт.
Айта кетейік, Джеймс Макгирт бокс әлемінде абыройлы бапкерлердің бірі саналады. Ол 2002 жылы BWAA нұсқасы бойынша әлемнің үздік бапкері атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или