Қысқы

Универсиада-2017. Жапон хоккейшілерінің ерекше дәстүрі

news-banner7
mobile-news-top

Алматыдағы Универсиадада 5-ші орын алған жапониялық хоккейші қыздар ерекше құрметімен көзге түсті.

Күншығыс елінің өкілдері әр матчтан кейін бір сызыққа жиналып, алдымен бапкерлері тұрған жаққа, кейін жанкүйерлерге бастарын иді.

Жапония құрамасының шабуылшысы Ота Юкина бұл дәстүр жайлы толығырақ айтып берді: «Бұл құрмет білдіру. Бапкерлерге ғана емес, жанкүйерлерге деген құрмет».

Универсиададағы соңғы матчынан кейін олар «Аригато!» (рахмет) деп, алғыстарын білдіріп кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер