Рой Джонс: «Джейкобске GGG-дің күшін ғана емес, ақылын да жеңу керек»

Рой Джонс: «Джейкобске GGG-дің күшін ғана емес, ақылын да жеңу керек»

Аңызға айналған боксшы кіші Рой Джонс қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Головкин мен Джейкобс – бұл тамаша жекпе-жек, оны қуана-қуана қараймын. Головкин – мықты боксшы. Оны ешкім жеңе алмайды. GGG үздіктердің бірі, бірақ оған қарсылас табылмай жүр. Жақсы қарсылас тапса, қолынан не келетінін көрсетеді. Джейкобс үшін бұл қиын кездесу болмақ, себебі оған Головкиннің күшін ғана емес, ақылын да жеңу керек. Головкин күшінің арқасында ғана жеңбейді. Канадалық жігітті (Давид Лемье) қалай жеңгенін қараңдаршы – бір ғана джебті қолданды. Сондықтан, онымен жұдырықтасқанда ұйықтап жүруге болмайды», - деді Джонс.

Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или