Лебедев: «Головкин өте тәрбиелі азамат»

WBA нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Денис Лебедев (29-3, 22 КО) Екібастұзға келді.

Керекудегі қалада боксшы жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізген. Кездесу барысында Лебедев отандасы Гассиевпен болған жекпе-жек алдында қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен кездескені жайлы айтып берді.

«Достарым оны менің киім ауыстыратын бөлмеме ертіп келді. Головкин – сыпайы, тәрбиелі , үнемі жымиып жүретін жігіт. Біз аз сөйлестік. Ол «Кім мықты, сол жеңсін», - деді. Мүмкін ол Гассиевке жанкүйер болған шығар. Себебі, олар бір командада және бір бапкердің қол астында жаттығу жасайды. Бірақ, ол Муратқа жанкүйер боламын деп айтпады. Егер мен Саша Поветкинмен жаттығу жасасам, мен оның қарсыласына: «Сен жақсы жігітсің, бірақ мен Александрды қолдаймын», - деп айтар едім. Бірақ, Гена олай айтпады. Бұл оның жігіттігін көрсетсе керек», - деді Лебедев.