Брук пен Спенс келісімге келуге жақын
IBF тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Келл Брук пен осы атаққа ресми үміткер Эррол Спенс келіміге келуге жақын. Бұл туралы Бруктың промоутері Эдди Хирн хабарлады.
IBF жекпе-жек келіссөздері үшін промоутерлік сатылымдарды 7-ші ақпанға белгілеген болатын. Бірақ, Бруктың командасы Федерациядан бір апта уақыт беруін сұраған.
«Бізде промоутерлік сатылымдарға белгіленген уақыт бар. Бірақ, біз бұл мерзімді бір аптаға шегеруді сұрадық. Себебі, біз келісімге келетінімізге сенімдімін», — деп Хирннің сөзін Boxing News жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или