Кіші Крис Юбэнк: «Головкин екеуіміз 2017 жылы кездесу өткізетінімізге сенімдімін»

Кіші Крис Юбэнк: «Головкин екеуіміз 2017 жылы кездесу өткізетінімізге сенімдімін»

IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы кіші Крис Юбэнк (24-1, 19 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 KO) кездесуге мүдделі.

ҚазАқпараттың жазуынша, 5 ақпан күні түнде Лондон қаласында Юбэнк австралиялық Ренолд Куинланды техникалық нокаутпен жеңіп, IBО белбеуін иеленді. Британ боксшысының ендігі арманы - WBC, WBA, IBO және IBF белбеуінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жекке түсу. 

«Біздің жекпе-жек міндетті түрде болады. Мен де жанкүйерлер секілді оның өткенін қалаймын. Мен екі жыл бойы Головкинді жекпе-жекке шақырып келемін. Екеуміздің 2017 жылы жұдырықтасатынымызға күмән келтірмеймін», - деді Юбенк.

Еске сала кетейік, Головкин 18 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) рингке шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или