17 жасар теннисші матч кезінде доппен арбитрдің бетінен салып қалды

17 жасар теннисші матч кезінде доппен арбитрдің бетінен салып қалды

Канадалық теннисші Денис Шаповалов Оттавада өтіп жатқан Дэвис Кубогының матчында ашуға жол беріп, соның кесірінен техникалық жеңіліске ұшырады.

17 жастағы теннисші британиялық қарсыласынан жеңіліп жатқанына ашуланса керек, кездесу барысында қалтасынан артық допты шығарып, оны ракеткасымен ышқына қағып жіберді. Қатты соққыдан жылдам ұшқан доп ойынға қазылық жасап отырған арбитрдің бетіне тиді.

Соққыдан өз-өзіне келе алмай қалған төреші көп ұзамай Шапаловтың техникалық жеңіліс тапқанын хабарлады.

Енді Дэвис Кубогының 1/8 кезең финалында Британиядан жеңілген Канада келер жылы осы айтулы сайысқа қатысу құқығына ие болу үшін тағы бір қарсыласпен күш сынасуға мәжбүр болды. Ал өзін өзі ұстай алмаған теннисші Шаповалов болса, Дэвис Кубогынан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или