БАҚ: Головкин Юбенкпен кездесуден бас тартады
Boxingnews24.com порталы қазақстандық Геннадий Головкин мен британиялық кіші Крис Юбенктің арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы сөз қозғады.
«Юбенк Головкин немесе Дигейлмен жекпе-жек өткізбек. Бірақ екеуі де Юбенкпен жұдырықтасудан бас тартса, таңқалмаймын. Үлкен Юбенктің пікірінше, IBO титулы оның ұлына үлкен жекпе-жектерге есік ашады. Бірақ бұған күмәнім бар. Бұл, мысалы, WBC секілді беделді титул емес», - деп жазды порталдың тілшісі.
Ренолд Куинланды жеңген соң кіші Крис Юбенк кездескісі келетін боксшыларды атаған болатын – Геннадий Головкин, Билли Джо Сондерс және Джеймс Дигейл.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или