Германиялық журнал Головкинді үздік деп атады
Box Sport журналы қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) кәсіпқой боксшылар арасында 2016 жылдың ең үздік спортшысы, деп атады журналдың ресми сайты.
Головкин бұл номинацияда украиндық боксшы Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) мен америкалық Андре Уордты (31-0, 15 КО) басып озды. Өткен жылы GGG рингке екі рет шығып, сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және қыркүйекте британдық Келл Брукты (36-1, 25 КО) нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, Box Sport басылымының басты бетінде Головкин - Брук айқасының сәті бейнеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или