Юлия Путинцева Кузнецованы ұтып, жартылай финалға шықты
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Санкт-Петербургте өтіп жатқан турнирдің ширек финалында Светлана Кузнецованы ұтып жарыстың жартылай финалына шықты.
Ойынның есебі 6:3, 6:7 (4:7), 7:5. Кездесу 2 сағат 35 минутқа созылды.
Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы Доминика Цибулковамен кездеседі.
Естеріңізге салсақ, Аталған турнирдің алғашқы айналымында жерлесіміз Йоханна Ларссонды жеңген. Ал екінші айналымда неміс қызы Анника Бекті 6:4, 6:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шыққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или