Елена Радионова мәнерлеп сырғанаудан Универсиада чемпионы атанды

Елена Радионова мәнерлеп сырғанаудан Универсиада чемпионы атанды

Ресейлік спортшы Елена Радионова мәнерлеп сырғанаудан Универсиаданың алтын жүлдесіне қол жеткізді. 

Кеше Елена қысқа бағдарламада топ жарған болатын, бүгін де Радионова еркін бағдарламада үздік нәтиже көрсетіп, екі сайыстың қорытындысы бойынша 197.24 ұпай жинап, Универсиаданың чемпионы атанды.  

Екінші орында жапониялық Рин Нитая жайғасты (187.18). Оның отандасы Хинано Исобе 174.27 ұпаймен үздік үштікті қорытындылады. Жарыстың фавориті саналған ресейлік Елизавета Туктамышева жүлделі орынға іліне алмады.  

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Айза Мамбекова көрсетті. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 131.94 ұпай жинап, кестеде 13-ші сатыда орналасты. 

18d7cb8a12dede73b47dec04378c6ca2.png

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или