Қазақстан құрамасы медальдар көрсеткіші бойынша өз рекордын жаңартты
Бүгінгі жарыс күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде 6 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль бар.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екі жыл бұрынғы Универсиададағы медальдар көрсеткіші бойынша рекордын жаңартты.
Испанияда біздің спортшыларымыз 11 медаль иеленген болатын: 5 алтын, 6 күміс және жалпыкомандалық үшінші орын. Араға екі жыл салып, жерлестеріміз өз отанында жаңа рекорд орнатты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или