Айза Мамбекова: «Алматы Аренаның» қолдауын сездім»

Айза Мамбекова: «Алматы Аренаның» қолдауын сездім»

Универсиада аясында мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсеткен Айза Мамбекова еркін бағдарламасын орындаған соң prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

 
- Кеше қатты қобалжыдым. Сол себепті екі рет қате жіберіп аз ұпай алғам. Ал еркін бағдарламада күш-жігерімді бір арнада тоғыстырып салмақты өнер көрсеттім. Ойым жинақы болды. «Алматы Аренаның» қолдауын сездім. 
 
- Бүгін Дәулеткерейдің күйіне биледіңіз, музыкалық шығармаларды сізге кім таңдайды?
 
- Әкем көмектеседі, бапкерлер ұсыныс жасайды, ойымыз бір жерден шыққанда композиция таңдаймыз. 
 
- Келесі меже қандай? Алдағы жарыс Азиада ғой?
 
- Иә, Жапония елінде өтетін Азия ойындарына қатысам. Бірақ түптің түбінде Олимпиадаға жолдама алып, жеңіске жеткім келеді.   
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или