Шейн Мозли: «Канело ұлы боксшы емес»

Шейн Мозли: «Канело ұлы боксшы емес»

Үш салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Шейн Мозли мексикалық Сауль Альварестің қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте мүмкіндігін саралап көрді.  

«Альварес, нақтырақ айтқанда, оның командасы 160 фунтта Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын емес. Олардың Канело - Головкин жекпе-жегін жоғары деңгейде өткізуді қалайтынына сенімдімін. Кіші Чавеспен кездесу де өте жақсы мүмкіндік - ол танымал әрі мықты боксшы. Меніңше, Канело ұлы боксшы бола алады. Бірақ дәл қазір емес, ол әлі жас. Болашағы өте зор. Канело GGG-ді жеңе ала ма? Жеңуі мүмкін», - деді Моззи iFL.TV берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или