Бендиден Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

Бендиден Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

Қазақстан құрамасы бендиден әлем чемпионатында үшінші рет ұтылды.

Бұл жолы біздің жігіттер Финляндия құрамасына есе жіберді. Ойын есебі 3:5. Қазақстан құрамасы қатарынан Анатолий Голубков, Рауан Исалиев және Артем Вшивков гол соқты.

Осылайша, Қазақстан құрамасы бендиден Швецияның Сандвикен қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңін соңғы орынмен аяқтады.

Екінші ақпан күні өтетін ширек финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или