Универсиада: Елена Радионова мәнерлеп сырғанаудан қысқа бағдарламада топ жарды
Бүгін «Алматы Арена» мұз айдынында мәнерлеп сырғанаудан қыздар қысқа бағдарлама бойынша сайысқа түсті.
Үздік нәтижені ресейлік Елена Радионова көрсетті. Оның еншісінде 69,02 ұпай. Екінші сатыда оның отандасы Элизавета Туктамышева жайғасты (69,01 ұпай). Жапониялық Рин Нитая үздік үштікті қорытындылады (61,90 ұпай).
Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Айза Мамбекова көрсетті – 42,41 ұпай. Жарысқа қатысқан 30 спортшының жиырма төртеуі еркін бағдарламаға жолдама алды. Қазақстандық спортшылар Айза Мамбекова, Жансая Адыханова және Вероника Шевелева да іріктеуден сәтті өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или