Тау шаңғышыларымыз нашар өнер көрсетті
Қазақстандық тау шаңғышылар Универсиаданың трассасына дайын болмады.
Ерлер арасында Суперкомбинация жарысында үш жерлесіміз жарысты соңына дейін аяқтай алмады - Сергей Данов, Александр Костров және Алексей Сысоев. Тек Захар Кучин ғана мәре сызығына дейін жетті. Отандасымыз сайыстың қорытындысы бойынша 28-ші орын алды.
Ал жеңімпаз атанған спортшы - латвиялық Кристапс Звейниекс. Голландиялық Мартен Мейнерс екінші орын иеленсе, словакиялық Матей Фалат үздік үштікті түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или