Екатерина Карпова ауыр жарақат алды
Қазақстандық спортшы Екатерина Карпова тау шаңғы жарысынан Суперкомбинациядағы екінші мүмкіндігін сәтсіз орындап, ауыр жарақат алды.
Екатерина трамплиннен секіру кезінде сәтсіз құлады. Бірден спортшымыз Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, жерлесеміз тізесін жарақаттап алды. Демек, Карпова үшін Универсиада аяқталды.
Тағы бір жерлесеміз Мария Григорова әріптесінің құлағанын көріп, тәуекелге бармай, Суперкомбинациясының қорытындысы бойынша 25-ші орын алды.
Аталмыш жарысты ресейлік Анастасия Силантьева жеңіп алды. Екінші орында беларусьтік Мария Шканова, ал словакиялық Барбара Кантонова үздік үштікті қорытындылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или