Универсиада-2017 Дирекциясының қызметкері қайтыс болды

Универсиада-2017 Дирекциясының қызметкері қайтыс болды

Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде Универсиада-2017 дирекциясының қызметкері, Бауыржан Рафиков қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Оқиға 31 қаңтарда, кешкісін болды. «Жұмыстан соң қызметкеріміз есінен танып құлады. Жанында болған адамдар жедел-жәрдем шақырды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Бірақ өкінішке қарай нәтиже болмады. Өлім себебі – жүрек қан тамырының ақауы. "Бауыржан Рафиковтың жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Қызметкерімізді ақтық сапарға шығарып салу шығындарын Дирекция өз мойнынана алады", - деді Дирекция басшысы Наиль Нуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или