Рамина Юничева: «Түсініңіздер,біздің құрама әлі жас»
Керлингтен Қазақстан құрамасының капитаны Рамина Юничева Prosports.kz тілшісімен болған сұхбат барысында өз командасының Универсиада-2017- дегі ойыны туралы айтты.
-Мен команданың көрсеткен ойынына ризамын. Біз барымызды салдық. Түсініңіздер, біздің құрама әлі жас, бәрі бірден бола қоймайды. Менің ойнап жүргеніме бес жыл болды. Алайда, бұл уақытта үзбей жаттығу жасадым деп айта алмаймын. Біздің командада кейбір ойыншылар керлингпен айналысып жүргеніне алты ай, кейбіріне жыл. Біз қазір әлемнің үздік командаларымен ойнап, халықаралық тәжірибе жинақтап жатырмыз. Бұл біздің болашақ жеңістерімізге, елімізде керлингтің дамуына серпіліс алып келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или