Малиньяджи: «Маған Канело – Чавестен GGG – Джейкобс кездесуі қызық»
Екі салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Пол Малиньяджидің пікірінше, Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы кездесу мексикалық боксшылар Сауль Альварес пен кіші Хулио Сезар Чавес жекпе-жегінен қызығырақ.
«Канелоны сынай бергеніне өзі кінәлі, бірақ бұл оның жеке шаруасы. Бұл жағдайда оған сылтау табу қиын. Канело мен GGG ақыры жұдырықтасады деп үміттенемін. Альварестің Чавеспен жұдырықтасуы тек бизнеске байланысты. Бұл жекпе-жек Альварес пен Головкин кездесуіне қарағанда көбірек қаржы табуы ықтимал. Мен үшін GGG мен Джейкобс кездесуі мексикалық жекпе-жектен қызығырақ. Мұның себебі менің мексикалық болмағанымда шығар. Мексика үшін бұл ұлы жекпе-жек шығар, бірақ мен үшін, қарапайым фанат үшін, Головкин – Джейкобс әлдеқайда қызығырақ», - деді Малиньяджи.
Айта кетейік, Головкин - Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл бокс кешін «Қазақстан» мен KazSport телеарналары көрсетеді. Головкиннің жекпе-жегі наурыздың 19-да Астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или