Нұрбақыт Теңізбаев: «Иван Поддубный турнирінің деңгейі өте жоғары»

Нұрбақыт Теңізбаев: «Иван Поддубный турнирінің деңгейі өте жоғары»

Алматы облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев қаңтар айында өткен «Иван Поддубный - 2017» және Париж Гран-при жарыстарында өнер көрсеткен бауандарымызға өз бағасын беріп, жарыс жайлы пікірімен бөлісті.<br /><br />

- Парижде өткен турнирге АҚШ, Венгрия, Армения, Польша, Франция құрамаларының грек-рим күресі шеберлері қатысты. Жарыс күні қазақстандық балуандардың күресін интернеттен тамашаладым. Аталмыш жарысқа еліміздің мықты балуандары қатысып, жүлдемен оралды. Алайда, алтынды иелене алмағанымыз өкінішті. Себебі бұл жарыстың деңгейі Иван Поддубный сынды турнирлерден төмендеу.

- Осындай жарыстарда өнер көрсету балуандарымызға қаншалықты пайдалы?

- Негізі жыл басында осындай Гран-при турнирлерінде бақ сынау өте дұрыс. Бұл жыл басындағы алғашқы бастау болып табылады. Психологиялық тұрғыдан  шет елде күресу бір бөлек, өз үйіңде белдесу бір бөлек. Сондықтан осындай Гран-прилерде тәжірибе шыңдалады.

- Ал «Иван Поддубный- 2017» турнирінде бақ сынаған спортшыларымыз жайлы не айта аласыз?

- «Иван Поддубный-2017» турнирінде өнер көрсеткен құрамамыздың нәтижесі көңілімнен шықпады. Өйткені балуандарымыз жүлделі орыннан көріне алмады. Тіпті үшінші, төртінші кезеңдерде ұтылып жатты. Әлемдік боз кілемдерде жақсы күресу үшін осындай жарыстарда биік тұғырдан көріну қажет. Бұған дейін осындай сайыстарда біздің Алмат Кебіспаев, Дархан Баяхметов, Ербол Қоңыратов, Әсет Иманбаев сынды шеберлеріміз әрдайым жүлделі оралатын. Жігіттеріміз солардың деңгейіне жетсе ғана мықты балуандарымыз бар деп мақтан тұта аламыз.

- Бастау жарыстарнынан кейін балуандарымыз қандай бәсекелерде бақ сынайды?

- Ақпан айының соңында өтетін Қазақстан чемпионаты күтіп тұр. Аталмыш жарыс Шымкент қаласында өтеді. Сол жарыста мықты деген балуандарымыз анықталады. Енді сол Қазақстан чемпионатын күтудеміз.

 

Естерінізге сала кетейік, Париж төрінде грек-рим күресінен 71 келі салмақ дәрежесінде Демеу Жадыраев екінші орын, 75 келі салмақта күресетін қостанайлық балуан Мирас Баршылықов қола медаль, 59 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлде, дәл сол салмақта Жансерік Сәрсенбиев пен Бағлан Жақанша қола медаль және Дәулет Жақсылықов 80 келіде қола медальды иеленді. Ал Ресейде өткен «Иван Поддубный - 2017»  гран-при турнирінен спортшыларымыз жүлдесіз қайтуға мәжбүр болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или