Артем Башлаков: «Қазақ халқына алғыс білдіремін»
Универсиаданың фристайл акробатика жарысында қыздар арасында күміс медаль алған Жібек Арапбаева мен қола жүлде еншілеген Жанбота Алдабергенованың қатысуымен баспасөз-мәслихаты өтті. Бұған ерлер арасында күміс медальға қол жеткізген белорусьтік Артем Башлаков та қатысты.
Фаворит саналған Жанбота неліктен қола медаль алып қалғанын түсіндірді.
«Қолдауларыңызға рахмет. Жоғарыда тұрғанда бәрін сездік, көрдік. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Бәрі де көрген шығар, қобалжығаным байқалды. Иә, өз жерімізде өткені де көмектесті. Бәрі жақсы келе жатқан. Біз жаттығуды күн шығып тұрғанда жасап, соған бейімделе бастап едік. Бірақ бүгін күн салқындап, бәрі өзгеріп кетті.  Универсиадада алған қола медалім маңызды, бірақ Сочиде алған жүлдем одан да жоғары болып тұр», - деді Алдабергенова.
Ал Жібек фристайлдан ел құрамасының мүмкіндігі туралы сөз қозғап, бұл спортқа қалай келгендерін айтты.
«Командалық жарыста мүмкіндігіміз жақсы, Құдайға шүкір, Жанботамыз бар. Бағлан бар. Енді бапкеріміз не дейді, солай болады бәрі.
Спортпен айналысқың келсе, ешқандай кедергі болмауы керек. Қар жоқ, тау жоқ деп сылтауратпаймыз. Ағайымыздың осы спортпен айналысып жүргенін көріп, біз де айналыса бастадық. Ол кісі бізге жарыстар үшін демеуші іздеп, қаржы тауып жүреді. Сондықтан оған алғысымыз шексіз», - деді Жібек.
Белорусьтік Артем Башлаков болса, қолдау көрсеткен қазақтарға алғысын білдірді.
«Қонақжайлықтарыңызға рахмет. Мұндағы адамдардың ықыласты екені қуантты. Қазақстанға бірінші рет келуім, мұнда бәрі де ұнады. Тау бөктері де, қолдау да жақсы болды. Әрі қарай тырыса беремін. Бүгін трибунада белорусьтар көп болған жоқ, бұл тұрғыда қазақтар маған қолдау көрсетіп тұрды. Сіздерге рахмет», - деп Артем қорытындылады.