Универсиада-2017: Медаль көрсеткішінде Қазақстан бесінші

Универсиада-2017: Медаль көрсеткішінде Қазақстан бесінші

Универсиада ойындарында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасының қоржыны бір күнде үш медальмен (бір күміс, екі қола) толықты. Қазір жалпы есепте бесінші орындамыз.

Қыздар арасындағы 5 шақырым классикалық стильдегі шаңғы жарысында отандасымыз Анна Шевченко Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салды. Бұл жарыста отандасымыз ресейлік спортшыларға жол беріп, Ресей құрамасының шаңғышысы Лилия Васильева Универсиада ойындарының алғашқы алтын медалін олжалады.

Қыздар арасында фристайл-акробатикадан жерлестеріміз Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова Қазақстан қоржынына бір күміс және бір қола салғанын хабарлаған болатынбыз. Осы сайыс жолында бас жүлдені қытайлық спортшы Чжу Иньинь қанжығасына байлады.

Жалпы есепте Ресей құрамасы 4 алтын, 4күміс, 1 қоламен көш бастап тұр. Ал отандастарымыз 1күміс, 2 қоламен бесінші орынға жайғасты. Айта кетейік, 30 қаңтардағы жарыс кестесі бойынша жалпы 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Осы уақытта ерлер мен әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден топтық кезең ойындары жалғасуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или