Жанбота Алдабергенова: «Ауа-райының қолайсыздығы өз әсерін тигізді»

Жанбота Алдабергенова: «Ауа-райының қолайсыздығы өз әсерін тигізді»

Фристайлдың акробатика түрінен Универсиаданың қола жүлдегері Жанбота Алдабергенова prosports.kz тілшісіне жарыс жайлы пікірін білдірді.

Жанбота, жарыс алдында сен алтыннан басты үміткеріміздің бірі саналдың. Іріктеуден сүрінбей өттің. Суперфиналда не жетпеді?

- Бұл – күтпеген нәтижелер тіркелетін спорт түрі.  Ауа-райының да қолайсыздығы өз дегенін істеді. Сондықтан да көп құладық. Біз күн жылы кезде жаттығу жасадық. Сол жағдайға ыңғайландық. Бірақ күн суытып, жарыс жолының қатуы нәтижеге кері әсерін тигізді.

Өз еліңізде өткен жарыс сізге қалай әсер етті? Мүмкін қобалжыған шығарсыз...

- Отандастарымыздың қолдауын сезіндік. Бәрі: «Жанбота! Жібек! Қазақстан алға!» - деп ұрандап, қолдау көрсетті. Біз оны сезіндік. Қобалжу болды. Жауапкершілікті сезіндік. Жеңіске жеткіміз келді. Бұл жарыста мен Сочидегі Олимпиададан да көбірек қобылжыдым.

Ертеңгі жарыстан қандай нәтиже күтуге болады?

- Иә, ертең командалық жарыс өтеді. Оған мен және Бағлан қатысады деп жоспарлануда. Барымызды саламыз. Нәтижені ертең көре жатармыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или