Жібек Арапбаева: «Жанбота «алтын» алады деп ойладық»

Жібек Арапбаева: «Жанбота «алтын» алады деп ойладық»

Универсиаданың күміс жүлдегері Жібек Арапбаева Prosports.kz порталына өз әсерімен бөлісті.

- Бәріміз таңғалып жатырмыз. Жүлделі орындарды алғанымыз тамаша. Әрине, үш қыздың да жеңіске жеткенін қаладық – мен, Жанбота Алдабергенова және Ақмаржан Қалмұрзаева. Оңтүстік Қазақстаннан үш қыз. Өкінішке қарай, бұл ойымыз жүзеге аспады. Қытай қызын алға жіберіп алдық, дайындық жетіспеген болар. Жалпы, бұның бәрі біздің елімізде болып жатқанына қуаныштымыз. Өз жеріміз көмектесуі қажет.

- Бағлан Іңкәрбек, керісінше, бұл қысым жасайтынын айтқан...

- Әрине, ол да бар. Бір жағынан қиын, жауапкершілік тым үлкен.

- Бұл жүзпайыздық көрсеткіштерің бе?

- Бұдан да артық нәтижеге қол жеткізе алатын едік. Әсіресе Жанбота, ол өте қиын әдістерді жасай алады. Бірақ бапкерлер тәуекелге бармай, оңай әдістерге тапсырыс берді. Жанбота бірінші орын алады деп ойлағанбыз. Сонда да екеуіміздің жүлдегерлер қатарында болғанымызға қуаныштымын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или