Акробат қыздарымыз жарады
Алматыдағы Универсиадада фристайл акробатика жарысында қазақстандық қыздар жақсы өнер көрсетті.
Қыздар арасында еліміздің намысын Жанбота Алдабергенова, Жібек Арапбаева мен Ақмаржан Қалмұрзаева қорғаған. Суперфиналға төрт спортшы өтті. Жібек пен Жанбота суперфиналға жолдама алып, тиісінше, күміс және қола медальға қол жеткізді. Ал алтын жүлдені қытайлық Чжу Иньинь қанжығасына байлады.
Өкінішке қарай, Бағлан Іңкәрбек пен Дархан Мұхаметжанов финалда құлап, суперфиналға жолдама алған жоқ.
Қысқы Универсиада-2017. Алматы (Қазақстан)
Фристайл. Акробатика. Қыздар. Суперфинал
1. Чжу Иньинь (Қытай) — 64.09
2. Жібек Арапбаева (Қазақстан) — 60.84
3. Жанбота Алдабергенова (Қазақстан) — 60.48.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или