Грек-рим күресінің шеберлері Парижде топ жарды
Демалыс күндері Парижде еркін, грек-рим және әйелдер күресінен 4-ші халықаралық жарыс өтті.<br /><br />Грек-рим күресінен 71 келі салмақ дәрежесінде өнер көсететін қазақстандық балуан Демеу Жадыраев финалда венгриялық Роберт Фритчқа есе жіберіп, екінші орынды иеленді. Дәл осы салмақта екінші отандасымыз Нұржан Надыров үшінші орын үшін белдесуде франциялық балуаннан ұтылып, тқртінші орынды қанағат тұтты. 75 келі салмақта күресетін қостанайлық балуан Мирас Баршылықов жартылай финалда польшалық Аркадиус Кулиничтан ұтылып, қол медаль үшін бәсекеде екінші польшалықты айқын басымдықпен жеңді. Жарыстың екінші күні бірден төрт спортшымыз ақтық сынға жолдама алды. 59 келі салмақта Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанса, дәл сол салмақта Жансерік Сәрсенбиев пен Бағлан Жақанша қола жүлдені жеңіп алды. Дәулет Жақсылықов 80 келіде құрама сапына тағы бір қола еншіледі.<br /><br />Айта кетейік, Франциядағы гран-приден бөлек Ресейде қатар «Иван Ярыгин - 2017» гран-приі өтті. Өкінішке қарай, көршілес елден спортшыларымыз жүлдесіз қайтуға мәжбүр болды.