Универсиада алауы тұтанды
Универсиадаға арнайы салынған «Алматы арена» кешенінде студенттік ойындардың алауы тұтанды. Кештің басты қонағы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Халықаралық студенттер федерациясының президенті Олег Матыцин және өзге де бірқатар мәртебелі меймандар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ашылу рәсімінің тұжырымдамасы «Болашағымыз салауатты жастардың қолында» деген идеяға негізделген.

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматыда өтетін студенттер сайысына 57 мемлекеттен 2 мың спортшы қатысады. Ал Универсиадаға ең көп спортшы алып келген мемлекеттер: Қытай, Канада және Ресей. 175 спортшыдан құралған Қазақстан құрамасын шаңғышы Дәулет Рахымбаев бастап шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или