Берчелт Варгасты нокаутпен жеңді
Мексикалық боксшы Мигель Берчелт екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесінде WBC чемпионы Франсиско Варгасты нокаутпен ұтты.
Тартысты өрбіген жекпе-жектің 11-ші кезеңі Варгас үшін сәтсіз аяқталды. Берчелттің бірнеше жойқын соққыларынан кейін бас төреші кездесуді тоқтаты. Осылайша, Мигель Франсискодан WBC чемпиондық титулын тартып алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или