Жүкембаев пен Құсайынов Канадада жеңіске жетті
Бүгін Канаданың Монреаль қаласында қазақстандық боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов басым жеңістеріне қол жеткізді.
Құсайынов мексикалық қарсыласы Оскар Мехияны техникалық нокаутпен жеңді. Ең қызығы, бұған дейін мексикалық боксшы 10 кездесу өткізіп, бір рет қана жеңілген болатын.
Ал Жүкембаев тағы бір мексикалық Давид Ранхельмен күш сынасты. Батыр жекпе-жек басталысымен прессинг жасап, тәжірибелі қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа құлатты.
Осылайша, жерлестеріміз кәсіпқой бокстағы кезекті жеңістеріне жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или