Бауыржан Байбек Универсиада алауымен жүгірді
Алматы қаласының әкімі құттықтау сөз айтып, Универсиада алауымен жүгірді.
«Қымбатты достар, Қазақстан ТМД елдері ішінде қысқы Универсиаданы өткізіп жатқан алғашқы мемлекет. Елдің жоғары оқу орындары әлем рейтингісінде үздіктер қатарында. Президенттің бастамасымен Назарбаев университеті ашылды. 10 мыңнан астам қазақстандық «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алды. Универсиада - өзге елдерді танып, тілін үйренудің таптырмас мүмкіндігі» , - деді Бауыржан Байбек. Артынша шаһар басшысы қолына шырақты алып жүгірді.
Естеріңізге салайық, Универсиаданың ресми ашылу салтанаты бүгін, 29 қаңтарда, Астана уақытымен кешкі сағат жетіде басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или