Фредди Роуч кіші Чавесті Канелоға қарсы жекпе-жекке дайындаудан бас тартты
Америкалық белгілі бапкер Фредди Роуч мексикалық кіші Хулио Сезар Чавесті Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жекке дайындаудан бас тартты. Бұл туралы Тengrinews.kz порталы хабарлады.
«Мәселе менің бос уақытымның болмауында. Қолым бос емес. Чавестің командасы маған ұсыныс жасады. Олар менен жекпе-жекке екі апта қалғанда жаттықтыруымды сұрады. Бірақ, меніңше, екі апта жеткіліксіз болады», - деді бапкер.
Бапкер Фредди Роучтің айтуынша, Альварес күннен күнге күш жинап жатыр. «Чавестің басты артықшылығы – оның күш-қуатында. Ол үнемі қыспаққа алу керек. Себебі, Чавес Альвареске ұруға жол берсе, ол «Канелоға» керісінше күш береді», - деді ол.
Еске сала кетейік, Альварес - Чавес жекпе-жегі 6 мамырда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или