Универсиада-2017. Алғашқы сайыс күнінің кестесі

Универсиада-2017. Алғашқы сайыс күнінің кестесі

Бүгін Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Универсиада бастау алады. Алғашқы сайыс күнінде хоккейшілер сынға түседі.

28 қаңтарда Ұлыбритания, Қазақстан, Канада, Қытай, Словакия, Латвия және Жапония хоккейшілері өнер көрсетеді.

Ерлер командасы «Халық Аренада», ал әйелдер Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ойнайды. 

Шайбалы хоккей — ерлер 
12:30 Словакия — Ұлыбритания, топтық кезең («Хабар» телеарнасы, тікелей эфир)
16:00 Жапония — Латвия, топтық кезең
19:30 Қазақстан — Қытай, топтық кезең («Хабар» телеарнасы, тікелей эфир)

Шайбалы хоккей — әйелдер

16:30 Канада — Қытай, топтық кезең («Kazsport», тікелей эфир)
20:00 Қазақстан — Ұлыбритания, топтық кезең («Kazsport», жазба нұсқа, 23:15)

Айта кетейік, Универсиаданың салтанатты ашылуы ертең өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или