Джонсон Сондерс пен Юбэнкті Головкиннен қашқаны үшін сынады

Джонсон Сондерс пен Юбэнкті Головкиннен қашқаны үшін сынады

Багама аралдарының боксшысы Туреано Джонсон британиялық боксшылар Билли Джо Сондерс пен кіші Крис Юбенкті мазақ қылып, Келл Бруктың ерлігін сөз етті.

«Британиялық боксшыларға құрмет білдіремін, бірақ Келл Бруктан басқасының тәуекелге барғанын көрмедім. Бұл жігітті сыйлаймын: АҚШ-та Шон Портерге қарсы шықты, Геннадий Головкинмен де жұдырықтасты. Бірақ, соңғысы, мазақ қылғандай: Геннадий оны 1-ші раундта-қ нокаутқа жібере алатын еді, бұл жерде сарапшы болудың да керегі жоқ... Дигейл де жарап тұр. Ал Юбенк пен Сондерс қайда? Олардың Британиядан басқа жерге шыққанын көрмедім», - деді Джонсон.

Айта кетейік, бұған дейін британиялық БАҚ өкілдері Головкин мен Сондерстің Қазақстанда жұдырықтасуы мүмкін екенін хабарлаған, бірақ Геннадийдің промоутері Том Леффлер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кіші Юбенк те Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін еді, бірақ ол келіссөз жүргізуден бас тартты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или