СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Бокс

«Ең, ең...» Бокстағы рекордтар

«Ең, ең...» Бокстағы рекордтар
news-banner7
mobile-news-top

Бокстың тарихы ежелден бастау алады. Бүгінге дейін түрлі нәтижелер мен рекордтар тіркелді. Әрине, олардың кейбірі ресми түрде олимпиадалық немесе әлемдік рекорд деп танылмаған шығар, бірақ бұл оқиғалардың болғанына тарих куә. Маңыздысы – осы.

- Әлемдегі ең жас чемпион – Майк Тайсон. ВБС тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанғанда 20 жаста ғана болатын. Бұл 1986 жылы еді. Ал келесі жылы Тайсон абсолютті чемпион атанды.

- Ал ең егде чемпион атағы Джордж Форманға тиесі. Ол 45 жасында Майкл Морерді жеңіп, чемпиондық титулға қол жеткізген болатын.

- Ең жылдам жекпе-жек 1947 жылы «Алтын қолғаптар» турнирінде болды. Америкалық Майк Коллинз Пет Бронсонды алғашқы соққысымен нокаутқа жіберіп, рефери кездесуді аяқтап тастады. Жекпе-жектің басталғанына төрт секунд қана болған еді.

- Жылдам аяқталған жекпе-жек туралы әңгіме көтергенде, тағы бір кездесуді айтпай кетуге болмайды. Жоғарыдағы кездесуден бір жыл бұрын Эл Кутюр жекпе-жек басталған соң Ральф Уолтонқа бірден соққы жасады. Нәтижесінде бұл кездесу 10,5 секунд өткен соң аяқталды. Мұндағы басты айырмашылық, жекпе-жектің 10 секунды реферидің онға дейін санауымен өткен. Яғни, Кутюр қарсыласын 0,5 секунд ұрып жыққан.

- Чемпиондық титул таласқа түскен кездесулердің ең жылдамына тоқталсақ. Сонау 1900 жылы Джеймс Дж. Джефризом 55 секунда Джек Финнеганді нокаутқа жіберген.

- Енді чемпиондық атақ сарапқа салынған ең ұзақ кездесу туралы айта кетейік. 1906 жылы жеңіл салмақта америкалық Джо Ганс пен даниялық Оскар Мэтью Нельсон чемпиондыққа таласқан. Жекпе-жектің 42-ші (!) раундында Нельсон жазаланып, Ганс әлем чемпионы атанды.

- Рокки Марчиано сегіз жылда 49 жекпе-жек өткізіп, оның 46-сын нокаутпен аяқтаған. Ол – ешқашан жеңіліп көрмеген боксшы. Мұндай нәтижеге таңқалған голливудтық режиссерлер «Рокки» атты киноэпопея түсірген болатын.

- Чемпиондық атақты ең ұзақ уақыт бойы сақтаған боксшы – Джо Луис. Ол 11 жыл, 252 күн бойы чемпиондық титулға ие болған.

- Ал чемпиондық атақты ең аз уақыт ұстаған боксшы – америкалық Тони Кацонари. Ол өз титулын 33 күн ғана сақтап тұрды.

- Қарсыласты нокаутқа жіберу бойынша ең үздік боксшы америкалық Арчибальда Мура саналады. Ол 1936 мен 1963 жылдар арасында 145 қарсыласын нокаутқа жіберген. Оның 129-ы кәсіпқой рингте болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер