Головкин Қазақстанда абсолютті чемпион атанбақшы

Головкин Қазақстанда абсолютті чемпион атанбақшы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жазда Астана қаласында британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтаспақшы.

Бұл ақпаратты бірқатар америкалық және британиялық басылымдар таратты.

«Келесі жекпе-жегімді ресми түрде алдағы аптада жариялаймын. Бұл мен асыға күткен кездесу. Үлген мегафайт», - деді жақында ғана Сондерс. Билли Джоның бұл сөздерін қалай түсінсе болады? Мексикалық Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған Сондерс, енді бар назарын Головкинге аударғаны ма? Себебі, тек бұл екі боксшы ғана оның қаржылық тұрғыда қамтамасыз ете алады. Ендеше екі жақтың ресми жауаптарын күтейік. 

Айта кетер жайт, былтыр Головкин және оның менеджері, промоутері, НВО командасы Елордаға арнайы келіп, «Астана Аренаны» аралаған болатын. Ондағы мақсат - стадионның қаншалықты бокс кешін қабылдай алатынын анықтау болатын. Әзірге, Геннадийдің командасы Сондерске қарсы жекпе-жекті жарияламауда. Себебі, Майқұдық тумасы наурыздың 18-і, америкалық Дэниел Джейкобспен күш сынасады.

e4a3d51d2b2d7d41d33429ac3984a25b.jpg

Қазақстандық боксшы талай сұхбаттарында жазда ЭКСПО-2017 қарсаңында Астанада үлкен бокс кешін ұйымдастырғысы келетінін айтқан болатын. Тіпті оның қарсыласы ресейлік Матвей Коробов болады деген сыбыстар да болған.

Енді белгілі болғандай, Гена орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерспен келісімге келіпті. Айта кетер жайт, бұл жекпе-жек өтетін болса, GGG өзінің басты арманына жетуі мүмкін – бұл орта салмақтың абсолютті чемпионы атану. Мұндай тарихи жекпе-жектің Астанада өтуі – Головкиннің туған еліне құрметі. Геннадийдің төрт белбеуді өз елінде біріктіргісі келетіні қуантады.

Әрине, ол мақсатына жету үшін Головкин алдымен Джейкобсты жеңуі қажет. Артынша, өз туған жерінде абсолютті чемпион атанып жатса, өз еліне үлкен тосын сый жасайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или