Бейбіт Есжанов: «AIBA-ға хат жазамыз»
Астананың Есіл соты «Астана Арланстың» «Астана» ПКСК-ға қатысты шағымын дәйексіз деп тапты.
Президенттік кәсіпқой спорт клубының тарапынан ереже бұзу анықталмады.
«Бұл алдын-ала тыңдау болатын. Бізден қосымша құжат көрсетуімізді сұрады. Қазір АІВА-ға хат дайындап жатырмыз. Ондағы мақсатымыз - ол жерден сыйақының белгіленген мақсатпен берілетіні жайлы растау алу. Соттың шешімін қайта қаратуға мүмкіндігіміз бар. Соңғы шешімді халықаралық арбитрлық сот шығаруы мүмкін. Кейіннен біз сол жерге шағымданамыз», - деді «Астана Арланстың» экс-бапкері Бейбіт Есжанов.
Естеріңізге сала кетейін, осыған дейін Есжанов «Астана» ПКСК-ның «Астана Арлансқа» WSB-дің 5-ші маусымындағы жеңісі үшін AIBA-дан алған сыйақыны бермеді деп айыптаған болатын.
Ал, ПКСК орындаушы директоры Аманбек Күлшіков экс-бапкердің жоқ қарызды сұрап отырғандығын мәлімдеді.
Фото: Даниял Оқасов