Мадияр Ибрайбеков: «Алған әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес»
Қазақстан президенті Нұрсултан Назарбаевтың қатысуымен басталған 28-ші Дүниежүзілік Универсиада-2017 алау эстафетасы жайлы алғашқы алаугер атанған хоккейден Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мадияр Ибрайбеков пікірімен бөлісті.<br /><br />
- Алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын. Универсиада алауын жағып, қосымша жігер алдым. Алғашқы алаугер атану мен үшін үлкен мәртебе. Мен оны мақтан тұтамын. Басында алғашқы алаугер атанып, алау отын жағасын дегенде немқұрайлы қарағанмын. Алайда, елбасымыздың алдында қазақ тілінде сөз сойлейтінімді білгенде алаңдап кеттім. Алауды ұстаудың бірнеше ерекшеліктері болды. Алаумен Назарбаев Университеті атриумынан 200 метр жүгіріп, боксшы Василий Левитке тапсырдым. Енді Алматыға аттанып құрама сапына қосыламын. Құрамаға жанымды беріп ойнауға дайынмын. Бәріміз Универсиада жеңімпазы атанғымыз келіп отыр. Жанкүйерлер ұлттық құраманы қолдауға келеді деген үміттемін.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или