Мырзағали Айтжанов: «Ниязымбетовтің кандидатурасын Василий Левит ұсынды»

Мырзағали Айтжанов: «Ниязымбетовтің кандидатурасын Василий Левит ұсынды»

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов атанды. Осы жөнінде құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пікірін білдірді.

«Әділбектің кандидатурасын Василий Левит ұсынды, біз бірауыздан қабылдадық. Капитанның басты мақсаты – командалық рухты көтеріп, боксшылар ұжымын татулықта ұстау. Ниязымбетов бұл тапсырманы орындай алады – құраманың ең тәжірибелі, титулды әрі құрметті мүшесі. Осы рөл қолынан келеді деп үміттенемін, Токио Олимпиадасына дейін нағыз көшбасшысы бола алады», - деді Айтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или