Туреано Джонсон: «Головкин - Джейкобс жекпе-жегі керемет болмақ»
Америкалық боксшы Туреано Джонсон отандасы Дэниел Джейкобстың қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жайлы айтып берді.
«Джейкобстың соққылары жойқын, бұған қоса шаршы алаңда ол шапшаң қимылдайды. Демек, Головкинге жеңіл болмайтыны анық. Менің ойымша, Дэниелдің мүмкіндігі жақсы. Бізді тамаша жекпе-жек күтіп тұр», — деді Джонсон Boxingscene.com сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек наурыздың 18-і, Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или