Нұрсұлтан Назарбаев Универсиаданың алау эстафетасын ашып берді

Нұрсұлтан Назарбаев Универсиаданың  алау эстафетасын ашып берді

Бүгін, 25-ші қаңтар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының алау эстафетасы басталды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Астанадағы эстафета бірнеше кезеңге бөлінген. Алауды алып жүрушілер 3,5 сағат ішінде қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең «Назарбаев Унверситетінен» басталып, «Бәйтеректе» аяқталады. Екінші кезең «Бәйтерек» монументінен басталып, қалалық әкімдікте мәресіне жетпек. Эстафета жалпы саны 12 шақырымға созылады. Алауды жалпы саны 60 адам алып жүреді. Олардың қатарында Астананың танымал спортшылары мен қоғам қайраткерлері бар. Сонымен қатар, алауды алып жүру құрметі Данияр Елеусінов, Василий Левит, Әлібек Наурызбайұлы, Мөлдір Мекенбаеваға бұйырды.

Спортшылардан бөлек, 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының алауын қоғам қайраткерлері, білім үздіктері мен шахматшы Динара Сәдуақасова және «Барыстың» қорғаушысы Мадияр Ибраийбеков алып жүреді.

Бес күннің ішінде Универсиада алауы Қазақстанда 22 500 шақырым жерді айналмақ. Оның 200 шақырымын алауды алып жүрушілер жүгіріп өтеді.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или