Сондерс: «Головкиннен жеңіліп қалатын секілдімін»

Сондерс: «Головкиннен жеңіліп қалатын секілдімін»

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан жағдайда жеңіске жететініне сенімді емес.

Baq.kz порталының мәлімдеуінше, алдағы жоспарлары туралы сұраққа жауап бере отырып, Сондерс промоутер Фрэнк Уоррен ұсынған бірнеше кездесу туралы айтып берді. Сонымен қатар британиялық «Головкин жекпе-жекке шақырды ма?» деген сұрақтан жалтарып кетті.

Головкинмен жұдырықтасқан жағдайда кім жеңетіні туралы сұраққа Сондерс күтпеген жауап қайтарды.

«Менің ойымша, ол жеңеді, бірақ, әрине, бұл жекпе-жек оған оңайға түспейді», - деп мәлімдеді Сондерс.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, 2017 жылдың жазында Сондерс EXPO-2017 аясында Головкинмен кездеседі.

Айта кетейік, Головкин британиялықтың WBO белбеуін тартып алса, орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или