Билли Джо Сондерс: «Дәл қазір көшеде тұрып жатырмын»

Билли Джо Сондерс: «Дәл қазір көшеде тұрып жатырмын»

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс қазір қалай өмір сүріп жатқанын айтты.

«Дәл қазір көшеде, Адам Буттың жаттығу залына жақын тұрақта тұрып жатырмын. Сіз күліп, өтірік айтып тұр дейтін шығарсыз, бірақ бұл шындық. Менде ол жақта шағын автокеруен бар. Бүгін газ қондырдық. Айтпақшы, жігіттер, мен бірнеше газ баллондарын іздеп жүрмін, сендерден табылатын шығар? Оларды Адам Буттың залына жіберіңдерші. Соның көмегімен әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жекке қыздырынамын!», - деді британ боксшысы.

Айта кетейік, кеше британиялық БАҚ Сондерстің жазда Қазақстанда Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға жақын екенін хабарлаған болатын. Бірақ боксшылардың өкілдері әлі ресми ақпарат берген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или