Шилдс: «Канелоның соққысы жойқын, бірақ Головкинге жетпейді»

Шилдс: «Канелоның соққысы жойқын, бірақ Головкинге жетпейді»

Белгілі бапкер Ронни Шилдс мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасында өтуі мүмкін жекпе-жек жайлы пікірін айтты.

«Бұл қызық жекпе-жек болмақ. Канело өзіне тұра ұмтылатын боксшыларды жақсы көреді, ал өзі қарымта соққы жасап қалу мүмкіндігін іздейді. Ол өзінің соққысы жойқын екеніне сенімді, бірақ Головкиннің соққысы одан да жойқын. Сондықтан, жеңісті Головкинге берер едім. Геннадий өте мықты боксшы. Екі қолымен де жақсы ұрады. Оған қарсы ерекше стиль керек, Альваресте ондай жоқ», - деді Шилдс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или