Сондерс: «Головкиннің қарсыластарды «таптап» жүргенінен қорықпаймын»

Сондерс: «Головкиннің қарсыластарды «таптап» жүргенінен қорықпаймын»

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) осы салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) жазда Қазақстанда жекпе-жек өткізуге келіскені хабарланды. Сондерс Boxing News басылымына берген сұхбатында Головкиннің қарсыластарды «таптап» жүргенінен қорықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды. 

«Мен осы күнге дейін жүрексінбей Головкинмен жұдырықтаса алатын адамды көрмедім. Головкин қарсыласын соққыға жықса, олар бірден жеңіліп, беріле салады. Бірақ ол мені мұнымен қорқыта алмайды, рас айтамын. Мен оны қашықтықта ұстап тұруға тырысамын. Дегенмен ол мені қорқыта алмайды. Меніңше, Головкин – ғаламшар бойынша үздік боксшы, бірақ мықты боксшы атану үшін мықтылармен жұдырықтасу керек. Ол маған керек адам», - деді Сондерс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или